“Біз ешқашан ұмытпаймыз!” атты 1-4 сынып оқушылары ​ арасында​ қашықтан көркемсурет байқауына қатысуға шақырамыз!

“Біз ешқашан ұмытпаймыз!” атты 1-4 сынып оқушылары ​ арасында​ қашықтан көркемсурет байқауына қатысуға шақырамыз!

 Сұрапыл соғыста Жеңіс туын желбіреткен ерлердің есімін ұлықтау, оларға құрмет көрсету -кейінгі ұрпақтың қастерлі парызы. Осы орайда, Қымбатты оқушылар “Біз ешқашан ұмытпаймыз!” атты
1-4 сынып оқушылары ​ арасында​ қашықтан көркемсурет байқауына қатысуға шақырамыз!
✔️Байқау шарттары:
-Жұмысты кез-келген техникада (акварель, пастель, май, гуашь, қарындаш сурет және т.б.) орындауға болады.
-Жұмыс A4 қағазында (21x29,7 см) жасалуы керек.
✔️Бағалау критерийлері:
- суреттің тақырыпқа сәйкестігі;
- жаңалығы, өзектілігі, тартымдылығы;
- орындау сапасы мен технологиясы;
- материалдардың көркемдік және техникалық сапасы.
✔️Байқауға әр қатысушыдан бір ғана жұмыс (сурет) қабылданады.
✔️Өтінімдер мен жұмыстар 2020 жылдың 8 мамырына  дейін WhatsApp мессенджері арқылы 87788530653 нөмірінде қабылданады.
✅Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
5-8 сынып оқушылары “Мәңгілік полк” қашықтық маршында “Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз!” тақырыбында өз батыр аталарына арналған эссе байқауына қатысады.
✔️Қатысушылар келесідей шарттарды ескереді:
- соғысқа қатысқан аталарынның фотоларын (немесе басқа да сол кісі туралы жазба деректерін) қолдану;
- атаңыз туралы қысқа баяндама немесе тың деректеріне тоқталу. ✔️Ақпараттар 2020 жылдың 8 мамырына дейін жинақталады.
makenbaeva88@gmail.com электронды почтасына жіберіңіздер.
Ең үздік жұмыстар мектеп-лицей сайттарының парақшасында жарияланады.


#ООБ_7Мамыр