12 СӘУІР – ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ!

 12 СӘУІР – ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ!
 12 СӘУІР – ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ!
Мерекелеу күні – 12 сәуір деп бекітілуі бекер емес. Дәл осы күні қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген.
 
Бүгінде ғылым адамзат тіршілігінің барлық саласын дамытудың басты факторына айналды. Ұлттық ғылымның заманауи және тиімді жүйесін қолдай білу қасиеті ғылыми жетістіктер санын сөзсіз еселей түседі. Сондай-ақ ғылым елдің бәсекеге қабілеттілігін дамытушы маңызды сала.
Халқымыз үшін білім мен ғылымның, тәлім мен тәрбиенің орны қашанда бөлек. Бабаларымыз ілім мен ғылымның тек оқу арқылы табылатынын дұрыс ұғынған. «Ғылым таппай мақтанба...» – деп, жас ұрпақты ғылымға жетелеген Ұлы Абай ұстанымы бүгін де маңызын жойған жоқ. 
 
#балқашбілім#школадома#бізбіргеміз