Мәлімдемеге қолдау.

Мәлімдемеге қолдау.
Қазақстан Республдикасының Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды мәлімдеме жасады. Бүкіл әлем болып бұрын соңды болмаған күрделі  жағдаймен бетпе-бет келіп отырмыз. Елімізде төтенше жағдай жарияланып, індеттің жаппай таралмауына нақты іс-шаралар жасалып жатыр. Мәлімдемеде  экономика мен әлеуметтік саладағы қиындықтарды жеңудің нақты қадамдары мен дағдарысты еңсерудің  8 баспалдағын айқындады. Мемелекет басшысы халқымыздың қауіпсіздігі мен бақуатты өміріне кепіл бола отырып, осындай дағдарыс пен төтенше жағдай кезінде барлық ресурстарды іске қосуда. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кіріп үлгермегендер, мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық, 1-2-3 топтағы мүгедек жандарға, жұмыссыздарға және  шағын және орта шаруа қожалықтарына, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» арқылы жастарға  жұмыс орындарын ауыстыруға өзге аймақтарға барып жұмыс істеуге, көтерме еңбекақы төлеу мәселелері, кәсіпкерлер салықтан босатылады, фермерлерге жанармай 15% төмендейді, тегін азық-түлік алатын тізімі кеңейеді, атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақы, зейнетақы 10% өседі. Қазіргідей күрделі кезеңде індеттің залалын жою қадамдары нақтыланып барша отандастарға қолдау көрсетіледі. Халқымызда  «Ауру батпандап кіріп, мыс¬қалдап шығады» деген дана тұжырымы бар. Олай болса, ауыр дертпен бетпе-бет күрісіп жатқан еліміздің  ақ халатты абзал жандарды  қолдай отырып, адам жанын арашалаудағы ерен еңбектеріне, ерік-жігеріне бас иеміз! Рухымызды көтерген мәлімдеме халықтың ерік-жігерін арттырды. Еңсесін көтерді. «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ педагогтары мен  ата-аналары, қызметкерлері  Президентіміз - Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдаймыз! 
# Біз біргеміз! 
# Қиындықтарды еңсере бірге жеңеміз!