Құрметті ата-аналар!

Құрметті ата-аналар!

Құрметті ата-аналар!
2020 жылдың 6 сәуірінен бастап оқушылар үшін төртінші тоқсан басталады.
Әлемдегі үрдістерді зерделей отыра, «Барлық мүмкіндіктерді, аспектілер мен тәуекелдерді жан-жақты ой елегінен өткізе отырып, біз де уақытша қашықтан оқуға көшу туралы шешім қабылдадық. (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Аймағанбетов.) »
Біздің басты басымдығымыз және адами капиталымыз - оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігі.
Сондықтан 1-11 сынып оқушылары үшін оқу үрдісі үйде отырып, қашықтан оқыту және оқу технологиясын қолдану арқылы жүргізіледі.
Теледидар арқылы, яғни «Балапан» телеарнасының (қазақ тілінде) сабақ кестесі сіздерге алдын ала жіберіледі. Оқушыларымыздың ата-анасы мен жақындары айналада болып жатқан жағдайға төзімділік танытып, сабырлы болайық!
Ата-аналардан балаларына жаңаша оқыту форматында оқу бағдарламаларын меңгеруге қолдау көрсеткен жағдайда ғана мұғалім мен оқушы кері байланыс арқылы күтілетін нәтижеге қол жеткізеді.
Республикалық «Daryn.online» қашықтықтан білім беру ресурсы іске қосылды. Сіздердің қолдауларыңызбен барлық оқушыларымыз тіркелді. «Daryn.online» платформасы оқушыларды қолдауға дайын.
Мектеп-лицей әкімшілігі мен сынып жетекшілерінен алған ресми ақпараттарға сүйеніп жұмыс жасауға шақырамыз, барлық ақпараттар мен ұсынымдарды зерделеп, пайымдайық. Асығыс шешімдерге жол бермеуге тырысайық. Сонымен қатар, мектеп-лицей медбикесі және пән мұғалімдері арнайы ұсынымдар беріп отырады.
Жаңа режимде жұмыс істеу педагогтар қауымынан да және оқушылардан да үлкен күш-қуатты талап етеді. Сондықтан біз сіздермен әрқашанда ашық диалогқа, бірлесіп жұмыс істеу шараларына дайынбыз.
Ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер арасындағы үштік одақ байланысын жандандырайық! Халқымызда «Шаңырақ» сөзін қасиетті де киелі сөз екенін ескерсек бір шаңыраққа біріккен ата-аналар, педагогтар, оқушылар ұлтттық құндылықтарымызды сақтай отырып, «шаңырақ» қауымдастығының алтын үштік одағы аясында, ынтымағымыз арта берсін!
Елімізге түскен сын-кезеңнен абыроймен өтейік!
Баршаңызға амандық тілеймін!

 

 

Байланыс телефондары: 8(71036) 6-88-08; 8(71036) 6-87-66; 8 701 334 07 12
Электронды пошта: school15balkhash@mail.ru