«Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім»
2019-2020 оқу жылының дәстүрлі мектеп күні «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында форум өтті.
Форумның мақсаты: Оқушылардың жан-жақты дамуына және жеке қабілеттерін дамытуға бағытталған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-нің үздік іс-тәжірибелерін енгізу арқылы құндылыққа негізделген тәрбие мен білімде үштік одақ: ұстаз-ата-ана-оқушының бірлескен жұмысының нәтижелілігі.
Форум мектеп-лицейдің І қабатында «Шаңырақ» оқушылардың қауымдастығының өнегелік құндылықтары негізінде мектеп-лицейде іске асырылып жатқан жобаларды ТЕДх форматында таратуға тұрарлық идеяларды көпшілікке ұсынды. Балаға тәрбие мен білім беру ісіне шынайы берілген шығармашыл, жанкүйер-көшбасшы мұғалімдер бірлесе шаңырақ құрып, Lesson Study мағынасын ашып, жаңа дәуірдің білім алушыларының жетістікке жетуі, нәтижеге қол жеткізуі ұстаздар қауымының бірлесе атқарған зерттеуі арқылы іске асатынын көрсетті. Мұғалімдер тәжірибесіндегі зерттеулер: «Сабақты зерттеу», «Іс-әрекетті зерттеу» диалогтік алаңында жылдам баяндама форматында практик мұғалімдер зерттеу тақырыптары бойынша фокус топтардың және жеке зерттеу іс-тәжірибелерімен бөлісті. «Педагогтардың бөлінген көшбасшылығы-табысты мектептің жаңа тәжірибесі» алаңында ерте жастан мамандыққа баулу мақсатында әлеуметтік серіктестікте жұмыс істейтін колледж мамандары мен оқушылар арасындағы шеберлік сағаттары жүргізілді. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау, ғылыми-техникалық білімді күнделікті өмірде пайдалану, белсенді қарым-қатынас құру және командамен жұмыс жасау арқылы қалдықсыз заттарды қайта іске жарату, техникалық пәндерге қызығушылықты арттыру, жобаларға креативті және жаңашыл көзқараспен қарауда «Ғылымға алғашқы қадамдар» STEM даму мүмкіндіктері және болашағы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның үздік іс-тәжірибелері мектеп-лицейімізде Тілдер, Жаратылыстану-математика, Өнер және әлеуметтік жобалар арқылы жүзеге асырылып жатқанын практик мұғалімдер «Ұстаз-ата-ана-оқушы» үштік одағы арасында ерекше жайлылық пен қызығушылықты арттырған шеберлік сағаттары өтті. Мектеп-лицейдің он жылдар белесіндегі тәрбие мен білім берудегі керемет те, жасампаз істерімен қуаттанатын мектептегі тәрбие мен білім берудегі үздік жобасы «Махаббатпен мектеп туралы» бейнефильмі арқылы қорғалды.
НЕ? ҚАЛАЙ? НЕ ҮШІН? пленарлық алаңы «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында ашық диалогтік алаңы өтті. Қатысушы спикерлер: Смагулова Г.Г. - «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы; Абдиров Жумагельды Даулетбекович - Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ ардагер-ұстазы Н.Ғ.Жүніс және мектеп-лицей көшбасшы-мұғалімдері , «Парасат» әжелер, аналар мектебі, «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының көшбасшыларының қатысуымен белсенді пікірталас ашық микрофон әдісімен өтті.