"Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы"

Бүгін, 3 ақпан "Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының  15 мектеп-лицейінде" Өзін-өзі тану : "Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндіктің ашылу салтанаты болып өтті. "Жүрекке жол тапқан мейірімді  ана-Сара Алпысқызы" атты сынып сағаттарына ұласты. Оқушыларды әдептілікке, сыйластыққа, қамқолық пен татулыққа тәрбиелеу мақсатында " Бес құндылық айтысы " атты көрініс қойылып, жүрегі мейірімге толы анамызға арнап ән шырқалды.