«Біз біргеміз!» акциясы

«Біз біргеміз!» акциясы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2020 жыл "Еріктілер жылы" болып жарияланды. Еріктілер жылын қолдау мақсатында 1 ақпан күні 8 «Б» және 9 «Ә» сынып оқушылары «Біз біргеміз!» акциясы аясында мектеп-лицейіміздің ауласын қардан тазарту жұмыстарын жасады. Биылғы жылы қардың мөлшерден тыс көп түсуіне байланысты, «Біз біргеміз!» акциясына мектеп-лицейдің барлық оқушыларын белсене ат салысуға шақырамыз!