«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері»

 «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері»

10 сынып оқушыларымен «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша ҚОНАҚ ДӘРІС өткізілді. Қонақ дәрісті Балқаш қаласы бойынша кәсіпкерлер палатасының өкілі Турымбетова Ж.А., қаламыздаға танымал кәсіпкер Абдыкаримова Зауре Миргазиевна және ветеринарлық дәріхананың басшысы Омар Аят жүргізді. Жеке кәсіпкерлер оқушыларға кәсіпкерліктегі өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіпкерлік жолында қандай кедергілерді кездестіргендерін және ол кедергілерден қалай өткендері жайлы айтып өтті. Кездесу барысында оқушылар тарапынан қонақтарымызға бірнеше сұрақтар қойылды. Және сөз соңында Абдыкаримова З.М. өз тәжірибесінен кәсіпкерлікті ашу және алға қойған мақсаттарына жету үшін, өз кәсібіңді сүйе білу керектігін, сонда ғана жетістікке жете алатындықтарын айтып, оқушылармен өткен дәрісті қорытындылады.