"Жас ұлан" ұйымы

13 желтоқсан күні мектеп-лицей қабырғасында 16- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау өтті. "Жас ұлан" ұйымына 4-сынып оқушылары қабылданды.Оқушыларға "Жас ұлан" ұйымының галстугі мен төсбелгілерін тағу құрметі мектеп лицейдің ардагер ұстаздарымен Өзін-өзі-басқару ұйымына берілді.