"Биік шыңдарға жол"

2019 жылдың 28 қарашасында Теміртау қаласында өткен "Биік шыңдарға жол" атты ғылыми практикалық конференциясына Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейіміздің оқушылары қатысып қайтты. "Елбасының еңбек қызметі" , "Жетекшілік сәттілікке жету тәсілі ретінде", "Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері" бағыттары тақырыптарында өз жобаларын қорғап шықты.11 "Ә" сынып оқушылары Мухаметжанова Гаухар 1 дәрежелі дипломмен,Тұрсынбек Әнел 3 дәрежелі дипломмен,Жумадильдинова Аружан 3 дәрежелі дипломмен, 9 сынып оқушылары Шалғынбай Мадина 2 дәрежелі дипломмен, Төлеухан Жеңіс 3 дәрежелі дипломмен,Абзалбекова Аяулым 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.Оқушылар мақтау қағаздарымен қоса бағалы сыйлықтарға ие болды.Оқушылардың әлі де талай биіктерден көрінуіне тілектеспіз.