«Балалар құқығын және қызығушылығын қорғау»
9,10 сынып оқушылары құқық қорғау органының қызметкері, мектеп инспекторы Нұрбек Аян Алтайұлымен кездесу өткізді. Мектеп инспекторы Нұрбек Аян Алтайұлы оқушыларға құқықтық тәрбие, тәртіп бұзушылық және қылмысты алдын-алу мақсатында «Балалар құқығын және қызығушылығын қорғау» тақырыбында профилактикалық әңгіме жүргізді. Сонымен қатар, қоғамдағы тәртіп сақтау туралы жалпы ережелерге тоқталып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысы туралы ақпарат берді. Қоғамдағы ең басты мәселе Қазақстан Республикасындағы әрбір азаматтың мемлекет тарапынан құқығын қорғау және сақтау заң қызметкерлерінің абыройлы міндет болып саналатынын жеткізді. Кездесу барысында оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оқушылар мардымды жауаптар алды.
Дата: 26.11.2019, 9:18 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі