«ШОҚЖҰЛДЫЗ XI» фестивалі

«ШОҚЖҰЛДЫЗ XI» фестивалі

Оқушылардың күзгі демалысын тиімді ұйымдастыру және ата-аналармен жұмысты нығайту мақсатында дәстүрлі мектеп-лицейішілік балалар шығармашылық «ШОҚЖҰЛДЫЗ XI» фестивалі 1-7 сынып оқушылары арасында өтті. Қатысушылар өнерлерін ата-аналарымен және сынып жетекшілермен көрсетті. Жас әншілер Отан, 
ана-әке, туған жер туралы әндер шырқап, өлендер оқыды. Фестивальға 15 оқушы қатысты.
Фестивальде әнді көрерменге жеткізе білу деңгейі, тақырып бойынша ән таңдауы, сахна мәдениетін сақтауына баса назар аударылды. Жеңімпаздарға төмендегідей номинациялар табысталды:
1 «В» сынып оқушысы Абильдин Нурали- «Ән жұлдызы» номинациясымен марапатталды.
1 «А» сынып оқушысы Кенжебай Кәусар «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды.
2 «В» сынып оқушысы Сыздықбек Ахмад «Өнерлі балғындар» номинациясымен марапатталды.
2 «Б» сынып оқушысы Искакова Айару «Әнші ару» номинациясымен марапатталды.
5 «Б» сынып оқушысы Мерекеева Анель «Сахна шебері» номинациясымен марапатталды.
1 «В» сынып оқушысы Имангазыев Мейірлан «Күміс көмей әнші» номинациясымен марапатталды.
2 «В» сынып оқушысы Алмасқызы Мариям және 4 «А» сынып оқушысы 
Сыздықбек Ахмад «Өнерлі балғын» номинациясымен марапатталды.
4 «А» сынып оқушысы Советова Эльнара «Көркем сөз шебері» номинациясымен марапатталды.
5 «Ә» сынып оқушысы Айтқұл Аиша және 3«А» сынып оқушысы Айтқұл Іңжу «Үкілі үміт» номинациясымен марапатталды
4 «Б» сынып оқушысы Абдирова Амина «Саусағынан өнер тамған» номинациясымен марапатталды.
1 “Б” сынып оқушысы Көрпетай Ерсін мен ағасы Көрпетай Ертай “Жалынды, жігерлі өрендер” номинациясымен марапатталды.
Бас жүлдені жеңіп алған 4 «Г» сынып оқушысы Садуакасова Томирис. 
Фестивальді ұйымдастырушылар:
музыка пәнінін мұғалімі Нұрғазы Г және көркемдік жетекші Наурызбай Н.Қ