Размер шрифта:

«ДОСТЫҒЫМЫЗ ЖАРАСҚАН»

 «ДОСТЫҒЫМЫЗ ЖАРАСҚАН»

5,7 сыныптар аралығында «ДОСТЫҒЫМЫЗ ЖАРАСҚАН»
тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Тренинг мақсаты өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу, достыққа, бірлікке, ұйымшылдыққа, адалдыққа, мейірімділікке баулу.
Тренинг барысында оқушылар өздерін жақсы ұстап, жақсы көңіл-күйде болды. Оқушылар өз ой-пікірлерін еркін айтып жеткізе алды. Тренинг барысында оқушылар бір-бірлеріне тірекші болуға, әр-бір тапсырманы бірге орындауға үйренді. Оқушылар бір-бірлерін танымаса да бірге топтық жұмыс түрін жақсы орындап шықты.
Өткізген мектеп-лицей педагог-психологтары:
Акшалова А.Т. Рахимберлина А.Н