«Отбасы-тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы»

«Отбасы-тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы»

«Отбасы-тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» тақырыбында ата-ана мен оқушы арасындағы ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету, отбасылық құндылықтың қандай болатының дәлелдеу, болашақ ұрпаққа көрсету, отбасындағы еңсесі биік, халқына еңбегі сіңген ата-аналарды ұлықтай отырып, отбасындағы өзара сыйластық қарым -қатынас дағдыларын дамытуға, отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету мақсатында 2Б, 3Ә, 4А сыныптарында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына кездесуге 25 жыл ұстаздық еткен ұлағатты ұстаз, күміс алқа иегері, 6 баланың анасы, қазіргі таңда 24 немересі бар үлгі тұтарлық бір отбасының әжесі – Толеубекова Балғайша Стамбекқызы шақырылды. Бұл кісі - біздің мектеп-лицейдің үлгілі оқушылары Сыздықбек Ахмад пен Сүлеймен Ясиннің , Алмасқызы Мариямның да аяулы әжесі.
Оқушылар әжемен отбасындағы ережелер, дәстүрлер, отбасы құндылықтары туралы сұхбаттасты. Немерелері өнерлерімен бөлісті.