«Сыр сандықты ашып қара, сырласым»

 «Сыр сандықты ашып қара, сырласым»

М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының «Ақ отау» залында «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің ұйымдастыруымен жалынды жазушы, ақын, көрнекті мемлекет-қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына арналған «Сыр сандықты ашып қара, сырласым» атты қалалық байқауы болып өтті. Байқауға қала мектептерінен 16 үміткер қатысты. Мектеп-лицейіміздің 10 «А» сынып оқушысы Мағаз Адай жүлделі ІІІ орынға ие болды.