«Виртуалдық мектеп» және «Жексенбілік мектеп»
Жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға қабілетті балаларды анықтау және іріктеу үшін Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары 2019 жылы «Виртуалдық мектеп» және «Жексенбілік мектеп» жобаларын іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастырып жатыр.
Жобалардың мақсаты - Қазақстан Республикасының әртүрлі білім беру ұйымдарының 5 және 6-сыныптардың оқушыларына олардың жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға қабілетін дамыту және Зияткерлік мектептерге Тұңғыш Президенттің «Өркен» грантына түсуге дайындау үшін жағдайлар жасауы.
«Виртуалдық мектеп» веб-сайтының көмегімен үміткерлер өңірлік Зияткерлік мектепте оқуға тіркелуіне, орындау жөнінде тапсырмалар мен ұсынымдар алуына, педагогтың дербес консультациясын алуына болады.
«Виртуалдық мектептің» тапсырмаларын ойдағыдай орындаған оқушылар бейіндік пәндер бойынша күндіз оқуға және конкурстық іріктеу пәндері бойынша күндізгі консультацияларға арналған өңірлік Зияткерлік мектепке шақырылады.
✔✔✔
Виртуалдық мектептін веб-сайты www.vs.nis.edu.kz
✔✔✔
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің 6 сынып оқушыларының назарына! 2019 жылғы 15 қазан мен 25 желтоқсан аралығында Виртуалды мектепке қатысушыларды тіркеу жүргізіледі. Тіркеу http://vs.nis.edu.kz/ сайтында жүзеге асады. Жобаның мақсаты – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін конкурстық іріктеуге дайындық... Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарының 5 сынып оқушыларының назарына!
Қазақстан Республикасы ның жалпы орта білім бер у ұйымдарының 5 сынып оқушыларының назарына! 2019 жылдың 18 ақпан – 25 наурыз аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Виртуалды мектебіне қатысушыларына тіркеу жүргізіледі. Тіркеу http://vs.nis.edu.kz/ сайтында ...