«Рухани келісім – бірлік бастауы»
Халықаралық Рухани келісім күні алғаш рет 1992 жылғы 18 қазанда өткізілді. Содан бері бұл күн — Қазақстандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі.1995 жылы ЮНЕСКО Қазақстанның тәжірибесін ескере отырып, толеранттық қағидаларының Декларациясын қабылдады.
Мектеп – лицейде «Рухани келісім – бірлік бастауы» тақырыбында ақпараттық стенд құрылып, мектеп – лицей кітапханасы «Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» көрмесімен оқушыларға таныстырды.
Рухани келісім, ұлттар мен дәстүрлі діндер арасын¬дағы бірлік – баға жетпес байлығымыз, ал тұрақтылық – тұғырымыз. Осы орай әр сыныпта «Рухани келісім- бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.Мақсаты: оқушыларды дінді құрметтеуге, толеранттылыққа, өз отанын елін сүюге баулу. «Күш бірлікте» атты спорттық жарыс 3-4 сыныптар арасында өтті.Оқушылар қызықты да қозғалмалы ойындарда жарысқа түсіп, топтық жарыстарда өздерін көрсете білді. Жарыс сергіту сәтімен аяқталды.
Ұлтаралық татулық пен рухани келісім біздің басты темірқазығымыз болып табылады деген мақсатта, ашық тәрбие сағатын тарих пәнінің мұғалімі Г.Б.Асемханова және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Б. Исаинова өткізді.Қазақстан мемлекетінің бейбіт өмір сүруі мен өсіп өркендеуі жастардың қолында ,жастарға атаулы күннің еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнауына қосатын үлесінің зор екенін атап кетті.8 сынып оқушылары тұрақтылық пен келісім күніне орай нақыл сөздер айтса, 9 сынып оқушылары «Рухани келісім – Тәуелсіздік тұғыры» атты бейнероликпен таныстырырды.