«Қызмет ету қуанышы»
Өзін-өзі тану пәні бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысуға жолдама алу үшін қала мектептері арасында «Қызмет ету қуанышы» тақырыбында әлеуметтік жоба қорғау бойынша байқау болып өтті. Байқауға мектеп-лицей атынан 7,8,9-шы сынып оқушылары Қалқаман Аслан, Көмірбай Алмат, Канатбекова Аяулым қатысып І орын иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды.
Дата: 17.10.2019, 12:05 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі