«Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге»

«Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге»

«Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» - деп Абай Құнанбаев атамыз айтпақшы, адам баласы үшін кітап – тілсіз тәрбиеші. Рухани азығымыз - кітаптың адам өміріндегі алатын рөлі орасан зор.
Мектеп-лицей кітапханасының ұйымдастыруымен оқырмандарға қазіргі қоғамда кітап оқудың маңыздылығын насихаттау мақсатында "Көп оқып, көп білуге ұмтыл!" тақырыбында жаппай кітап оқу акциясы өтуде. Бұл акцияның міндеті - кітапхана арасын кітап пен оқырманды байланыстыратын жастарымызды рухани адамгершілікке баулу, ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау, кітапханаға оқырмандарды тарту.