Қарттар -біздің асыл қазынамыз

Қарттар -біздің асыл қазынамыз

Қарттар -біздің асыл қазынамыз.Қарияларымыздың елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше құрметке лайық.Еліміздің өсіп-өркендеуіне , бейбіт тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы.Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпақ үшін таусылмас қазына. Үлкенді сыйлау , оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз.Осыған орай,1-қазан Қарттар күніне мектеп-лицейдің көркемөнерпаз оқушылар ұжымы Шашубай Қошқарбайұлы мөлтек ауданындағы «Астана» аллеясында қарттар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Осындай игі шараға риза болған қариялар оқушыларға еліміздің мәртебесін биіктетер ұл-қыз болып өсулеріне тілектестік білдіріп ,ақ баталарын берді. Қарияларымызды, асыл қазыналарымызды қадірлейік! Оларға өмір бойы борыштар екендігімізді естен шығармайық!