футбол жарысы

футбол жарысы

2016-2017 оқу жылында облысымыздың 30 мектебі Республикалық футбол сабағын сынақтан өткізу жобасын жүзеге асыруды бастады.Қала мектептері арасында мектеп-лицейіміз жобаны бірінші болып енгізді.Осы жоба бүгінгі күні өз нәтижесін көрсетуде. Соның айғағы ретінде 4-5 сынып оқушылары қалалық «Әкім кубогы» футбол жарысына қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Жетекшісі жас маман, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Д.Р Тәңірберлі. Барлық жанкүйерлерге, ата-аналарға алғыс білдіреміз!
Мектеп -лицей алға,
Жеңістен қалма!