«Анам, әкем және мен- спорттық жанұямыз» сайысы
13 қыркүйек күні «Отбасы күні» аясында «Балқаш қаласының жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен қалалық
«Анам, әкем және мен- спорттық жанұямыз» сайысы өтті.
Спрорттық сайысқа отбасылық құндылықтарды дамыту, жас отбасылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мектеп-лицейдің атынан екі отбасы қатысты.
Тартысты өткен бәсекеде барлық отбасы да үздік өнер көрсетті. Спорттық ойындардың бірнеше түрінен сынға түсіп, берілген тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысты. Десе де, сайыс қорытындысы бойынша ұпай санымен алға шыққан Тасимбековтар отбасы 1 орынды еншіледі, жүлделі ІV орын Насбековтар отбасына бұйырды.
Шара соңында сайыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Жас отбасыларды жеңістерімен құттықтаймыз!