IELTS

IELTS

IELTS (the International English Language Testing System) ағылшын тілінің барлық ауқымын қамтитын халықаралық сынақ тесті болып табылады. Егер ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекетке оқуға немесе жұмыс істеуге баратын болсаңыз, сіз осы емтиханнан өтуге міндеттісіз.

1989 жылдан бастап IELTS бүкіл дүние жүзінде ағылшын тілін білу деңгейін анықтайтын сапалы әрі сенімді сынақ болып қолданылып келеді. Бүгінде, әлемнің 6 000-нан астам ЖОО, институттар, мемлекеттік мекемелер мен іскери ұйымдары IELTS нәтижесін сенімді деп қабылдайды.

Сынақтың статистикасына сүйенсек, жылына 1 миллионнан астам адам өз қажеттілігі бойынша IELTS сынағын тапсырады екен. Сынақты әлемнің 120 елінде тапсыруға болады және IELTS ең көп тараған тест сынағы болып табылады.

IELTS төрт модульден турады: Listening (Тыңдау), Reading (Оқу), Writing (Жазу), Speaking (Тілдесу). Оны екі нұсқада тапсыруға болады: академиялық және жалпы. Таңдалған нұсқаларға байланысты оқу мен жазу тапсырмаларында айырмашылықтар болады.

Сынақтың академиялық нұсқасы үміткердің ағылшын тілінде жазу мен оқу қабілетін университет немесе колледж білімі деңгейінде қарастырады. Ағылшын тілді елдерге оқуға түсудің нәтижесі де осыған байланысты болады. IELTS-тің академиялық нұсқасы студенттерге арналған, себебі сынақ нәтижесін магистратурада немесе академиялық ұтқырлық бағдарламаларымен шетелге тәжірибе алмасуда қажет етеді.

Ал жалпы нұсқада оқу мен жазу тапсырмалар үміткердің қарапайым ағылшын тілінің деңгейін анықтауға бағытталады. Бұл мектеп бітірушілеріне арналған. Егер мектеп түлегі жоғары білім алуға шетел асып оқығысы келсе IELTS сынағының жалпы нұсқасын тапсыруға міндетті болады.

Алайда, IElTS емтиханы оңай шаруа емес. Оны жақсы тапсыру үшін жоғарыда айтып кеткендей ағылшын тілінде 5 қабілетіңіз жақсы дамыған болуы керек:
 Грамматикалық біліміңіз
 Тыңдалымыңыз
 Оқылым
 Жазу
 Сөйлеу

Осы қабілеттерді дамыту әртүрлі кезеңде әрқандай жаттығуларды талап етеді.

Қазірден бастап біліміңіз бен тәжірибеңізге ИНВЕСТИЦИЯ салыңыз! Бұл ғасыр - БІЛІМДІЛЕРДІ бағалайтын ғасыр!