«Сарыарқа – адалдық алаңы»
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және Қарағанды облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобасының аясында мектеп-лицейімізде «Адалдық сағаты» болып өтті. Адалдық сағатқа мектеп-лицей директоры К.Ш.Дубирбекова, «Нұр Отан» партиясы Балқаш қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Секербекова Б. М. және 9-10 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу. Мектеп-лицей директоры К.Ш.Дубирбекова Жастар – елдің ертеңгі тірегі. Сондықтан Елбасы оларға үлкен үміт артып, биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Осы ретте, өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында Агенттіктің тікелей бастамасымен барлық білім беру ошақтарында жұмыс жасап жтқан «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселерінің орны ерекше екенің атап өтті. «Адалдық сағатқа» «Нұр Отан» партиясы Балқаш қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Секербекова Бибигуль Мажитовна қатысып Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен бүкіл Республика көлеміндегі барлық оқу орындарында бірыңғай «Адалдық сағаттары» өтіп жатқандығы, өскелең жас ұрпақтың тәрбиесіне адалдық пен парасаттылық қасиеттерін дәріптеуге үлес қосып отырған Агенттік ұстанымы жастар үшін маңызды бастама. Білім күнінің алғашқы сабағында Адалдық, Парасаттылық, Әділдік және Сенім құндылықтарын насихаттау мақсатында, жемқорлық – індет, оның алдын алу міндет екендігі, жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу жайында екендігі, «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» немесе «Адалдық жүрген жерде адамдық жүретіндігі туралы оқушыларға айтып, түсіндірді.