«Адалдық дүкені» жобасының ашылуы
Елімізде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылу үстінде. Соның бірі, «Адалдық дүкенін» ашу.
Жобаның басты мақсаты — қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және оқушыларға өздерін жақсы, адал адам ретінде тануға мүмкіндік беру. «Адалдық дүкенінде» мұғалімдер мен оқушылар, мектеп қызметкерлері өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысатын болады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өздеріне қызмет көрсетпек. Сауда орнының басты ерекшелігі де осында.
Мұндай жобаны жүзеге асыру жастардың тәрбиесі мен адалдығын арттыруға бағытталып отыр.Осылайша, бұл мекен оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін шыңдайтын орынға айналмақ. Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға әсер ететін нысан болып табылады.
Мұндай дүкендерді ашу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталып отыр.
2019-2020 оқу жылының 2-ші қыркүйектен бастап мектеп-лицейімізде «Адалдық дүкені» жұмыс жасап тұр. Дүкенде мектепке керек кеңсе тауарлары сатылымға қойылды. Дүкеннің алғашқы сатып алушылары мектеп – лицейіміздің оқушылары болды.
Бүгінгі мектеп - лицейімізде жұмыс жасап тұрған «Адалдық дүкенінің» — оқушыларымыз үшін тәрбие мекені болатынына сеніміміз мол.Елімізде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылу үстінде. Соның бірі, «Адалдық дүкенін» ашу.
Жобаның басты мақсаты — қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және оқушыларға өздерін жақсы, адал адам ретінде тануға мүмкіндік беру. «Адалдық дүкенінде» мұғалімдер мен оқушылар, мектеп қызметкерлері өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысатын болады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өздеріне қызмет көрсетпек. Сауда орнының басты ерекшелігі де осында.
Мұндай жобаны жүзеге асыру жастардың тәрбиесі мен адалдығын арттыруға бағытталып отыр.Осылайша, бұл мекен оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін шыңдайтын орынға айналмақ. Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға әсер ететін нысан болып табылады.
Мұндай дүкендерді ашу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталып отыр.
2019-2020 оқу жылының 2-ші қыркүйектен бастап мектеп-лицейімізде «Адалдық дүкені» жұмыс жасап тұр. Дүкенде мектепке керек кеңсе тауарлары сатылымға қойылды. Дүкеннің алғашқы сатып алушылары мектеп – лицейіміздің оқушылары болды.
Бүгінгі мектеп - лицейімізде жұмыс жасап тұрған «Адалдық дүкенінің» — оқушыларымыз үшін тәрбие мекені болатынына сеніміміз мол.