Бассейнге саяхат жасадық.
04.07.2019ж күні «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушыларының демалысын тиімді, әрі қызықты өткізу мақсатында қалалық бассейнге саяхат жасадық.
Бүгін әдеттегідей ерте келіп, оқушыларды күтіп алдық. Жаттығуымызды жасап, таңғы асымызды ішіп болған соң, балалармен жоспар бойынша іс – шаралар өтілді. Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылығын арттыру ,топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру.
Date: 5.07.2019, 10:55 Author: CSI "Balkhash school-lyceum №15 after Alikhan Boke