«Сүйікті Нұр-султан саған арналады»
28.06.2019 күні «Балдәурен» жазғы сауықтыру демалушылардың уақыттарын тиімді өткізу мақсатында «Балқаш қаласы жалпы білім беретін № 16 лингвистикалық бағыттағы орта мектеп» КММ-нің ұймдастыруымен «Жарқын болашаққа-жарқын қадаммен» «Невада-Семей» қозғалысының 30 жылдығына орай Халықаралық ядролық қару күніне арналған әлемдік-экологиялық іс-шараға Абай атындағы №2 лицейі, № 16 лингвистикалық бағыттағы орта мектеп және №15 мектеп-лицейі арасында өткен жарыстан «Жас зерттеуші» номинациясымен «Мөлдір су» тобы марапатталды. Сонымен қатар, «Сүйікті Нұр-султан саған арналады» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында демалушылар өз өнерлерін ортаға салды. Балалар тәрбиешілерге, аспазшыларға, медбикеге алғыстарын білдірді. Іс шара соңында балалар сыйлықтарын алып қайтты.