«Рахмет саған, Балдәурен!»

«Рахмет саған, Балдәурен!»

15.06.19 күні «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығында демалушылар арасында «Көңілді эстафета» өтті. Балалар «Қарлығаш», «Шағала», «Көгершін» топтарына бөлінді. Әр топ 7 блоктан тапсырмалар орындады. І-блок логикалық ойындардан құралды. ІІ-блок «Допты қуып жет» эстафеталық жарыс. ІІІ- секірпемен жүгіру. ІҮ блок «Кім жылдам», Ү блок «Сөз құра», ҮІ блок «Допты түсірме», ҮІІ «Жұмбақтар» жасырылды. Әр блоктан ұпайлар жинап, жеңімпаз топ анықталып марпатталды. Сонымен қатар «Рахмет саған, Балдәурен» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында демалушылар өз өнерлерін ортаға салды. Балалар тәрбиешілерге, аспазшыға, медбикеге алғыстарын білдірді(тақпақ, ән). Мерекелік іс-шараға ата-аналар келіп көрермен болды. Іс-шара соңында балалар сыйлықтар алып қайтты.