«Менің айналамдағы әлем»

 «Менің айналамдағы әлем»

13.06.19 күні «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушылар А.Гайдар атындағы балалар кітапханасына саяхат жасады.Әр балалның жеке кітап оқуы ынтасы мен ерекшелігі зерттеліп, қабілетіне қарай әдебиеттер ұсынылды, библиографиялық шолу, дауыстап оқу, ауызша әңгіме айту тағы да басқа библиографиялық жұмыс түрлері жүргізілді. Оқырмандар кітапхана тіршілігімен қызметімен танысты. Кітап арқылы оқушылардың жан-жақты білім алып ғылыми, кәсіби және саяси санасының қалыптасып, білім дәрежесінің дамуына әсер ету, оқушыларға кітап таңдап алуға және онымен жұмыс жасай білуге көмек берілді. Сонымен қатар «Менің айналамдағы әлем» асфальтта сурет салу байқауы болды.Барлық байқауға қатысушыға түрлі-түсті бор үлестіріліп берілді.Белгі берілген кезде барлық балалар бірден үлкен шабытпен асфальтқа сурет сала бастады.Балалардың әр түрлі идеялары таңқалдырды.