1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні және «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының ашылуы
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні және «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының ашылу салтанаты өтті. Аталған іс шараның мақсаты: балалардың демалысын тиімді және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру, азаматтық сана сезімін қалыптастыра отырып, қоғамдық пайдалы іс әрекетке баулу болды. «Көңілді жаз-2019» тақырыбымен өткізілген іс-шараны ұйымдастыру үшін «Таңшуақ» шағын орталығының алды арнайы безендірілді. Іс-шараның І бөлімінде оқу ісі-жөніндегі орынбасары М.Б Жакыпбекова, Г.Ө.Ерменбетова және мектеп –лицей директоры оқу жылын табысты аяқтаған оқушыларды мадақтамамен арнайы құттықтап, жазғы демалысты тиімді пайдаланып , қызықты өткізулеріне тілек білдірді.
Мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіндері би билеп, ән айтты. Мерекелік іс-шара ойындармен жалғасты. Балалар шаттық пен қуанышқа бөленіп, мерекелік іс-шарадан соң «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушылары қалалық «1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні» -не арналған мерекелік іс шараны барып тамашалады.