«Кемел елдің болашағы – білімді жастар»
2019 жылдың 25 мамыр күні мектеп – лицейде «Кемел елдің болашағы – білімді жастар» тақырыбында салтанатты соңғы қоңырау жиыны өтті. Жиын қонақтары: Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Жақсылықова Саягүл Жақсылықовна, Балқаш қаласының полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Қуандық Өміржан Қанатұлы, мектеп – лицейдің ардагер ұстаздары, педагогикалық ұжымы мен ата-аналар. Ресми бөлімінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсетілді. Жиынға келген қонақтар салтанатты мектеп бітіру күнімен шын жүректен құттықтап, ақ жол тіледі.
Бейресми бөлімінде 1 сынып оқушылары мектеп – лицей түлектеріне арнауларын білдірді. Түлектер қоштасу вальсін билеп, мектепке, ұстаздарға деген сезімдерін ән- жырмен жеткізді.Түлектер үшін соңғы рет қоңырау соғылды.Мектеп – лицейі білім беру ордасының 10-ыншы 23 түлегі көгершіндер мен тілек шарларын ұшырды. Жиын қонақтары «Әлихан бағының» ашылу сәтіне қатысты. Салтанатты соңғы қоңырау 4 сынып оқушыларының «Менің елім – Қазақстан!»флешмобымен өз мәресіне жетті.2018-2019 оқу жылы ерекшелігімен есте қалмақ.Өйткені 23 түлектің төртеуі «Алтын белгі» иегерлерінің үміткерлері.Мектеп – лицейдің Х түлектеріне сәт –сапар тілейміз!