«Ұлы Дала мұрагерлері»

«Ұлы Дала мұрагерлері»

Мамыр айының 23-і күні мектебімізде «Ұлы Дала мұрагерлері» тақырыбымен республикалық форум өтті. Форум Қарағанды облысының Балқаш, Приозерск қалалары, Шет, Ақтоғай аудандарының білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен республика көлемін қамтыды. Мектеп-лицейіміздің базасында сағ 10.00-16.20 уақыт аралығында 70 шеберлік-сағаттары өткізілді. Қатысушылар саны-2623, ата-аналар- 1950, ардагер ұстаздар- 100, мұғлімдер-573. Форумға Қарағанды облысы білім басқармасының өкілдері, Н.Назарбаев интеллектуалды мектептерінің, республика бойынша аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, облыс бойынша 3000-ға жуық оқушылар мен педагогтар, ата-аналар қоғамдастығы, мектеп директорлары қатысты.