«Зияткерлер –ұлт болашағы»

 «Зияткерлер –ұлт болашағы»

2019 жылдың 20 мамыр күні дәстүрлі ХI «Зияткерлер –ұлт болашағы» атты форумы өтті. Форумның мақсаты :дарынды балаларды марапаттау, көшбасшы табысты мінсіз оқушыларды анықтау . Дәстүрлі форумда дарынды оқушыларды қолдау мақсатымен ардагер ұлағаты ұстаздар, мектеп-лицей директоры атаулы шәкіртақылар табыстады . Форумда халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі интеллектуалды жарыстарда, пән олимпиадасы, ғылыми жобаларда тың идеялар ұсынған және өнер, спортты қатар алып жүрген оқушылар «Табысқа жеткен оқушылар -2019» , «Жылдың табысты зияткерлері -2019», «Жаңа есім- 2019» , «Зияткер форумының үздіксіз жеңімпазы» номинацияларымен марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!