2019 жылғы 6 ақпан – 16 ақпан аралығында «Бақытты балалық шақ» науқаны
2019 жылғы 6 ақпан – 16 ақпан аралығында «Бақытты балалық шақ» науқаны барысында өткізілген іс –шаралар туралы
АҚПАРАТ
Мектеп-лицейде 6 ақпан – 16 ақпан аралығында «Бақытты балалық шақ» науқаны жарияланып, іс-шара-жоспары құрылды. Жоспар бойынша іс-шаралар белгіленген уақытта орындалды.
Науқан ұраны: «Балалар-басты назарда!»
Онкүндіктің мақсаты- жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңды мүдделерін қорғауға бағыттау. Мектептегі баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, насихатпен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аудару.
І қабатта «Көшбасшылар» залында акцияға арналған ақпарттық стенд жасалды,жоспар құрылды. .
«Әлеуметтік желілер, интернет ойындар, жат ағымдардан аулақ бол!» 7-9 сыныптар арасында дөңгелек үстел Айтимбетова Э.К өткізді.Оқушылармен сұхбат әңгіме жүргізілді.
«Біз өмірді таңдаймыз!» сынып жетекшілер тәрбие сағаттарын өткізді.Тәрбие сағатын алатын оқушылардың тәрбиесі өмірден алатын рахаты,өмірді қалай сүру,қалай жақсы жағымен өткізу туралы әңгіме талқыланды.
«Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны» тақырыбында 5-9 сыныптар арасында дөңгелек үстел ұйымдастыруымен Айтимбетова Э.К, Абдрасыл Д.Б өткізді.
8-9 сыныптар арасында «Тұрмыстық зорлық зомбылық, жас өспірімдер арасында суицидті алдын алу» тақырыбы бойынша Балқаш қаласының ПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау инспекторы полиция майоры Каримова А.А кездесу өткізді.
«Эмоция әлемі» тақырыбында Сатбек С.К 8-11 сынып оқушылары арасында әңгіме-сұхбат өткізді, оқушылар бір-біріне сұрақ жауаппен алмасты.
«Балалық шақ қорғалуда» атты кітап көрмесі Башарова Г.Т Исаинова М.Б өткізді. Кітапхананың жас оқырмандары қазақ ақындары М.Мақатаевтың «Ана»,Ө.Тұрманжановтың «Кел балалар күлейік»,С.Қалиевтың «Біз шадыман баламыз» т.б кітаптар оқыды.Кітапхананың кіші сынып оқушылары ертегі кітаптарды дауыстап оқып бір-біріне түсінгендерін айтты.Көрменің жалғасы оқушылар бір-біріне мақал-мәтелдер,жаңылтпаштар айтып бір сергіп қалды.
Сурет байқауы
«Мен бақытты баламын» тақырыбында 5-7 сыныптар арасында сурет байқауын Серікбай А, Қанат Г. өткізді.
Дата: 16.02.2019, 11:26 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі