«Мектептегі тәрбие бағыттарының жаңартылған мазмұны»
ДББҰ НЗМ іс-тәжірибесінен мектеп – лицейде «Өнер және Әлеуметтік жобалар» бағыты бойынша «Мектептегі тәрбие бағыттарының жаңартылған мазмұны» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.А.Бейсекина пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілерге семинар ұйымдастырды.
Мақсаты:мектептегі тәрбие бағытарының жаңартылған мазмұнын түсіндіру, Қазақстандық патриотизм мен «Мәңгілік ел» құндылықтарын жүзеге асыру.
Семинарға қатысушылардың өзара тығыз байланыста тәжірибеалмасуына қолайлы жағдай жасалып, тәжірибені жүзеге асырудың оңтайлы жолдары талқыланды. Семинар барысында топқа бөлінген мұғалімдер тәрбие бағыттарындағы тақырыптарды қорғады Топтық рухты насихаттаушы «Топтың бірігуі» атты сергіту жаттығулары әріптестер арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырды.
Семинар соңында қатысушылар ақпараттың пайдалылығы мен тәжірибелік тұстары туралы «Не қажет? Не құнды? Не қызықты?» сұрақтарына «Шаңырақ» стратегиясы арқылы ойларымен бөлісті. Сондай-ақ осындай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылуы қажеттігін тиімді екендігін атап өтті.