«Әке-тірек, ана жүрек, бала тілек»
2019 жылдың 9-шы ақпаны күні «Таңшуақ» шағын орталығында жас ата-аналармен «Әке-тірек, ана жүрек, бала тілек» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Мақсаты: Ата-аналарды өз пікірлерін айтуға баулу, балаларын тәрбиелеу және жас ұрпақ тәрбиесі туралы пікір алмасу.
Дөңгелек үстелде ата-аналар жас отбасы болып балаға үйде қандай тәрбие түрін пайдаланатыны жайлы ой бөлісті. «Таңшуақ» шағын орталығының педагог-психологы Анар Нұрбековна ата-аналармен тренингтер өткізді. Қазіргі әлеуметтік проблемаға айналған интернет желісі, телефондарды, компьютерлерді балалар күнделікті қараған дұрыс па, әлде бұрыс па? Осы тақырыптар талқыға түсті. Сөз соңында мектеп-лицей директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Зейноллаева Жанар Амировна жас отбасыларға өмірден алған іс-тәжірибесімен бөлісіп, кеңестерін айтып, өз пікірін ортаға салды.