«Жақсылық жасауға асығайық!»
![«Жақсылық жасауға асығайық!»](/media/img/journal/5c5cf62bbf00e.jpg)
2019 жылдың 5-ші ақпаны күні Г.Б.Сапарова және И.Ж.Жуматовалардың ұйымдастыруымен 8Б, 9А сынып оқушылары арасында «Жақсылық жасауға асығайық!» қайырымдылық акциясына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар арасында тақырыптық сұрақтар төңірегінде қызу пікірталас жүрді. Оқушылар берілген нұсқаулыққа сәйкес топтық жұмыс барысында жақсылық жасаудың адами қарым - қатынастағы мәнділігін түсіндірді. Жақсы істер жасай білу іскерліктерін өз бастарынан өткен оқиғалармен жеткізе отырып, қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқор болуға шақырды.
Дата: 8.02.2019, 9:24 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі