«Тиімді оқыту – табысты нәтижеге жетудің жолы»
2019 жылдың 2-ші ақпаны күні биология пән мұғалімі Бакыткызы Перузия, информатика пән мұғалімдері Серикбаева Жаркынай, Айтимбетова Эльмира «Тиімді оқыту – табысты нәтижеге жетудің жолы» тақырыбында іс-тәжірбиемен бөлісу семинарын өткізді. Семинарға жас мамандар мен мектеп-лицейдің мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері сабақтың қай кезеңінде қолданылуы мен пәндердегі ерекшеліктері айтылды. Қалыптастырушы бағалауда "Блум" таксономиясын қолдана отырып, оқу мақсатының негізінде ойлау дағдылары деңгейін анықтап алу, критерийі мен дескрипторларды құру жолдары талданды. Сергіту сәтінің түрлері мен өткізу жолдарының тиімділігі көрсетілді.
Дата: 4.02.2019, 11:05 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі