«Ұшқыр ой алаңы»

«Ұшқыр ой алаңы»

28.01.2019 жылы КМҚК «Оқушылар сарайы» ғимаратында, 8-10 сыныптар арасында «Ұшқыр ой алаңы» атты «Карл Поппер» форматындағы ашық қалалық пікірталас турнирі өтті. 
Дебаттық турнир нәтижесінде, «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ құрамасы ˗ «Әлихан мұрагерлері» жүлделі I-орынды иеленіп, 2019 жылдың 2 ақпан күні Қарағанды қаласында өтетін Республикалық пікірталас турнирінің облыстық кезеңіне жолдама алды. 
«Әлихан мұрагерлері» құрамасының жетекшісі тарих пәні мұғалімі Бейсембай Сұңғат Сағынайұлы, құрама мүшелері:
1-спикер ˗ Жұмасейт Нұрай 10 «Ә» сынып оқушысы;
2-спикер ˗ Ерғали Асем 10 «А» сынып оқушысы;
3-спикер ˗ Мухаметжанова Гаухар 10 «Ә» сынып оқушысы.