2019 жыл – «Жастар жылы»
Жастардың білім алуы, әлеуметтік жағдайы ерекше аталып, 2019 жыл – «Жастар жылы» - деп жарияланды. Бұл біз үшін үлкен мәртебе!
Елбасының жастарға сенім артып, «Табысыңның өскенін қаласаң, еңбекқор болуың қажет!»-деп Елбасы айтқандай қоғамның әр азаматы еңбекті дәріптей білуі керек. Бұл дегеніміз, жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру болып табылады.
«Жастарға әлеуметтік қолдау көрсету әрбір жас буынға серпіліс береді. Бұл - мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам. Олардың білім алып, білікті маман атануына жағдай жасау мәселесі де сөз болды. Білімді ұрпақтың негізі – мектепте қаланады. Білім көкжиегіне ұмтылған жас ғалымдар, табысты жас кәсіпкерлер, қоғамдық қозғалысты дамытушы белсенді-еріктілер, тіпті 13 жасар жас студент Абзал Мырзаш сияқты жас өреннің ілкімді (креативті) жобалары ғылыми өрісі тәуелсіз еліміздің елдігінің табысты жетістігінің көрінісі. Біз, мектеп-лицей түлектері бүгінгі форумнан ерекше әсер алып, қанаттанып, асқақ армандарымыздың орындалатынына шүбәсіз сенімдеміз. Бәрімізде Елбасы алдында тұрып, бүгінгі күннің, уақыттың эталоны бола білген табысты аға-әпкелеріміз сияқты болсақ деген үкілі үмітпен келер күнге аттандық.

Дата: 25.01.2019, 14:56 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі