Республикалық пәндер олимпиадасы

Республикалық пәндер олимпиадасы

Оқушылардың ғылыми білімдерін тереңдету, бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ 8-11 сынып оқушылары арасында 53-қалалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының 1-орын жеңімпаздары Республикалық пәндер олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысып жеңіспен оралды. 18.01.2019ж. білім сайысында жеңімпаз атанған оқушыларымыздымектеп-лицейде дәріптеу салтанаты өтті. Табысты оқушыларды құттықтауға Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері, ардагер-ұстаз Жунус Н.Г., математика пәнінің жоғары санатты мұғалімі, ардагер-ұстаз Усенбекова С.У., мектеп-лицей координаторы,математика пәнінің мұғалімі Садвокасова А.Т. жеңімпаздарға жылы лебіздерін білдірді. 
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»-атты мақаласы – «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының тікелей жалғасы. Мектеп-лицейдің зияткер оқушыларының тарихи танымдарын және өркениетті рухта тәрбиелеу мақсатында ТЕDх форматта тарих пәнінің мұғалімі Бейсембай Сұңғат Сағынайұлы дәріс жүргізді.
Мектеп-лицей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызы зияткерлік әлеуеті жоғары оқушылармен ой бөлісіп, биылғы жастар жылында «Талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрлеңдер»деген Ұлы Абай данамыздың сөзімен ойын түйіндеді. Сонымен қатар, Жер бетіндегі ең ақылды 25 елдің тізімінде Қазақстан мектептеріндегі білім беру сапасы жөнінен әлемдегі алдыңғы 10 елдің қатарына енгендігі жайлы жаңалықпен бөлісті.