Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік аясында өткен іс-шаралар

Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік аясында өткен іс-шаралар

Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік аясында өткен іс-шаралар

Ақпараты

 Мақсаты– оқушылардың құқықтық мәдениетін, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 1989 жылғы 20 қарашада қабылданған Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейлерін арттыру, балалардың заң талаптарын бұзбай, өзіне жүктелген міндеттерді орындай білуге үйрету.

Онкүндіктің барысында мектеп-лицейде жоспар құрылып, 1-ші қабатқа стенді ілінді. «Жүрекке жылулық сыйлайық» акциясы ұйымдастырылып, мектеп-лицей әлеуметтік педагог Кенжехан А.К.педагог-психологы Акшалова А.Т оқушыларға жадынама парақшаларын таратты

«Абайла, терезе!», «Судағы қауіпсіздік»,«Ақпараттық қауіпсіздік»,«Отбасындағы зорлық-зомбылық», «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі», «Балалардың құқықтары» тақырыптар аясында мектеп-лицей педагог-психологтары Акшалова А.Т.  Оразан А.Т. 9-11 сыныптарға бейне роликтер көрсетті.

«Бала. Құқықбұзушылық және жауапкершілік» тақырыбында Балқаш қаласының полиция аға летинанты Огай В.В. және полиция капитаны Касымжанова А.К. мектеп-лицей 8-11 сынып тоқушыларымен кездесіп бопсалау, құқық бұзушылық, әлімжеттік, мектеп оқушыларына кешкі сағат:  23.00-ден кейін заңды өкілінсіз көшеде жүргуге болмайтыныдығы, мектеп оқушыларына оқушыларға жұмыс жасауға болмайтындығы туралы ескертілді, ондай жағдай болса ата-аналарға айыппұл салынатындығы, егер оқушы сабақты себепсіз босататын болса мектепшілік, қалалық есепке алынатынды туралы айтылды.

«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады.» тақырыбында1-11 сыныптар арасында сынып сағаты өткізілді.

«Озат құқықтанушы» атты интеллектуалдық ойын 9-10 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.Интеллектуалдық ойынның мақсаты: оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау, ойлау қабілеттерін, қызығушылықтарын, шеберліктерін арттыру, танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып оқушыларды қоғамдағы жаңалықтардан және өзгерістерден сырт қалмауға баулу.

«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында 5-7 сыныптар арасында                 мектеп-лицейдің АӘД жетекшісі Рақымжанов Қ.М дәріс оқыды.

«Бар әлем мен үшін!» тақырыбында 5-6 сыныптар арасынба сурет байқауы ұйымдастырылды.

«Ақпараттық қауіпсіздік» тақырыпбында 5-7 сыныптарға бейнеролик көрсетілді.Ақпараттық қауіпсіздік – мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай күйі түсіндірілді. Өз жеке басын ғаламтор алаяқтарынан қорғау, өзінің жеке басына, отбасын қатысты ақпараттарды желіде жарияламау, сонымен қатар заңмен тыйым салынған ақпараттарды желіде таратпау туралы түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Бейнеролик көрсетілімінен кейін оқушылар пікірлерімен алмасты.

5-7 сыныптаға «Бақытты ата-аналардың балалары да бақытты» тақырыбында психологиялық тренинг болып өтті.

Барлық қатысқан оқушылар саны:537

«Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік аясында өткен іс-шаралар ақпараты БАҚ газетіне жарияланды.