Размер шрифта:

«Тұңғыш Президент күніне» арналған «Елбасы туралы 1000 сұрақ»

«Тұңғыш Президент күніне» арналған «Елбасы туралы 1000 сұрақ»

27- қараша күні «Тұңғыш Президент күніне» арналған «Елбасы туралы 1000 сұрақ» атты қалалық интеллектуалды брейн-ринг сайысы өтті.

Сайыстың үйлестірушісі: «ЖББ №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебі» КММ

Мақсаты:Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді және белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу,  интеллектуалдық әлеуетін дамыту, дарынды балалардыанықтау және қолдау;

Сайыс 5 кезеңнен тұрды:

1 кезең:Елбасының балалық және жастық шағы;

2 кезеңН.Ә.Назарбаев және халықаралық қатынас (Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық   аренадағы рөлі мен жоғарғы дәрежедегі кездесулері туралы);

3 кезең«Астана-Елбасының төл перзенті» (Астана қаласының архитектурасы туралы сұрақтар);

4 кезең«Елбасы кітаптары – ел мұраты» (Елбасының кітаптары мен еңбектері туралы  сұрақтар)

5 кезең«Елбасы жолдаулары - болашаққа жарқын жол» (Елбасының Қазақстан халқына  арналған жыл сайынғы жолдаулары туралы сұрақтар)

Сайыс нәтижесі бойынша «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ-нің 8 сынып оқушыларынан құралған топ мүшелері жүлделі    ІІ орынға ие болды.Олар: Дүйсен Жаннұр- 8 «В» сынып , Кошанова Айымжан -8 «Ә» сынып, Габдулманат Ерасыл -8 «Ә» сынып. Сонымен қатар,  Елбасы шығармаларын терең меңгерген білімпаздығы мен зеректігі үшін Қошанова Айымжан МАДАҚТАМА мен марапатталды.

Құттықтаймыз!