Размер шрифта:

«Әр бала- болашақ данышпан»

«Әр бала- болашақ данышпан»

      Бастауыш сынып кафедрасының он күндігі аясында 27 қараша күні ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру, көрнекі іс-әрекеттік, сөздік-логикалық, ойлау әрекеттерін дамыту, оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке тәрбиелеу мақсатында Имухаметова Т.С, Тергеубаева К.А ұйымдастыруымен 1А, 1Б, 1В сынып оқушылары арасында «Әр бала- болашақ данышпан» тақырыбында интеллектуалды ойын өтті.

Сайыс төрт айналымнаан тұрды.
1-айналым. «Білімді болсаң, байқап көр» Әр топқа зымыран сұрақтар берілді.
2-айналым. «Тапқыр болсаң, тауып көр» айналымында әр топ әр түрлі тақырыпта топтастыру, сәйкестендіру тапсырмаларын орындады.

3-айналым. «Сөз ойла, тез ойла» 3 минуттың ішінде  «Қазақстан» сөзінен бірнеше сөз құрап жазды.

4-айналым. «Шебердің қолы ортақ». Геометриялық фигуралардан композиция құрастырды.

Соңында әр топтың жинаған ұпай сандары анықталып марапатталды.