«Баскетбол»жарысы

«Баскетбол»жарысы

«Күз кереметтері» іс –шара барысында ағымдағы жылдың 29.10-31.10 күндер аралығында 5 сыныптар арасында «Баскетбол» жарысынан мектеп лигасы  спорттық жарысы  өтті. Жарысқа 4 команда қатысты. Жарыс ұлдар және қыздар арасында өтті. Ойыншылардың жеңіске деген құлшыныстары өте жоғары және жарыс өте қызықты өтті.                                                                                        Қыздар арасындағы жарыста 5 «А» қыздар командасы 1 орынға ие болды, 2 орынды 5 «Ә» қыздар командасы алса, 3 орынды 5 «Б» сыныбы алды.                  Ұлдар арасында 1 орынды 5 «Ә» сыныбы , 2 орында 5 «А» сыныбы алды, 3 орынды 5 «Б» сыныбы алды. Жарысқа қатысушылардың белсенділігі өте жоғары болды, жарыс жоғары деңгейде өтті.  Әрбір команданы қолдауға келген жас жанкүйерлер де қатысушыларға ерекше күш – жігер сыйлап, қолдады.  Жеңісті күндеріміз көп болсын!