«Жаңа дәуірдің мектебі»
Астанада Назарбаев зияткерлік мектептерінің 10 жылдығына арналған «Жаңа дәуірдің мектебі» атты Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынның мақсаты – он жыл ішінде білім беру барысын саралау. Тәжірибе жүзінде енгізілген жаңа оқыту әдістерінің нәтижесін талқылау.Үздік тәжірибелерді жалпы білім беру саласына кеңінен қолданысқа енгізу. Сондықтан халықаралық конференция – Орта Азиядағы білім беру саласында ең маңызды мәселелерді талқылайтын, талдап, сараптайтын бірден бір форум.Конференцияға алыс-жақын шет мемлекеттерден 2 мыңнан астам ғалым мен мұғалімдер келді. Олардың қатарында Кембридж және Гонконг университеттерінен, Лондон университеттік колледжінен құрметті профессорлар мен жоғары білікті мамандар бар. Келелі жиын 20 бағытта жұмыс жасап, 50-ден астам шаралар өткізіледі. Аталмыш халықаралық конференцияға «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының № 15 мектеп-лицейі» КММ –нің мектеп-лицей директоры Дубирбекова К.Ш., мектеп-лицей координаторы, математика пәні мұғалімі Садвокасова А.Т.,жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сыныптар тренері, бастауыш сынып мұғалімі Жуманова Г.М., директордың ақпараттандыру ісі-жөніндегі орынбасары, информатика пәні мұғалімі Омаров С.К. қатысып қайтты. Конференциядан алынған ақпараттарды мектеп-лицей ұстаздарымен бөлісті. Жыл сайын аталмыш конференцияға қатысудың нәтижесінде әріптестеріміз соңғы 8 жылда конференция отандық және жаһандық білім саласының ең түйткілді мәселелерін талқылайтын беделді алаңға айналып отыр.