Жолдау - жарқын болашақ кепілі!
Жолдау - жарқын болашақ кепілі!
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауларында білім беру ісі мен жастар мәселесіне ерекше ықылыс білдірді. Бұл аталған білім саласы елімізде аса маңызға ие екендігін білдіреді. Алдағы сан жылдарға бағыт-бағдар беретін Жолдауда өскелең ұрпақты саналы, тәрбиелі, және патриоттық рухта тәрбиелеу жолында педагог қызметкерлердің 2019 жылы"Педагогтардың мәртебесі" туралы заң әзірлеп қабылдау қажет екенін айтты. "Біріншісі, жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысы өсті. Екіншісі, мұғалімдердің санатына қарай педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер санатына 30%-дан 50%-ға дейін үстемақы қосылды. Мұның бәрі - білікті маман, отаншыл азамат тәрбиелеу үшін мұғалімдердің білім мен қайраты мол болу керектігі және олардың тынымсыз еңбектерін бағалап, жағдайларын жақсарту мақсатында жасалып отыр. Ұстаз-ел болашағын сеніп тапсыратын, тәуелсіз Қазақстанның әрбір аймағына үлес қосатын өскелең ұрпақты тәрбиелейтін ұлы тұлға. Сондықтан да ең ұлық мерекемен қатар келген Елбасының Жолдауы - педагог қауымдар үшін мәртебесін жігерлендіретін кемел қадам болмақ.
Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының
№15 мектеп-лицейінің педагогикалық ұжымы