«Денсаулық фестивалі-2018»
«Денсаулық фестивалі-2018». №15 мектеп-лицей оқушыларына денсаулық күніне арналған «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда» атты спорттық іс-шара өткізілді. «Белсенді өмір салты—жастарға үлгі!» атты флэшмобы барлық сыныптарға мектеп-лицейдің көпкешенді хоккей кортында ұйымдастырылды. Флэшмобқа 574 оқушы қатысты. Барлық сынып оқушылары қатысқан іс-шара үлкен флешмобты биімен аяқталды.
Балалардың көңілді әуенге қуана билегендерін көріп, спорт тек қана денімізді шынықтырмай, көңілімізді де көтеретіндігіне көзімізді жеткіздік. Барлық спорт мұғалімдері оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарап, балалардың бойында спортқа деген қызығушылығын оятып, дені сау ұрпақ жарқын болашақ кепілі екендігіне көздерін жеткізді. Балалардың барлығы жақсы ат салысып, «дені саудың - жаны да сау» деген сөздің дәлелі бола алды.