«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капиталды дамыту»
25.08 2018 күні сағат 10.00-де КМҚК «Оқушылар сарайында» қалалық деңгейде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капиталды дамыту» тақырыбында тамыз кеңесі өткізілді.
Сапалы білім беру – адами капиталды дамыту жағдайында баланы тәрбиелеу үшін тиімді оқуды іске асыруда ата-аналарды жұмылдыру мақсатындағы тамыз кеңесінде ата- аналар үшін шеберлік сынып келесі секциялар бойынша ұйымдастырылды.
• Үштілде білім беру;
• Критериалды бағалау;
• Білім беруді цифрландыру;
• Жаңартылған білім мазмұнындағы оқулықтар;
Шеберлік сыныпқа жиналған ата-аналарды топқа бөлу әдісімен қарсы алып, әрбір секцияға бағыт алды.
«Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ-нің шығармашылық командасы НЗМ тәжірибесін трансформациялау жүйесі білім беру мазмұнын жаңарту бойынша ата-ана қоғамдастығына арналған шеберлік сағаттарды жаңа мазмұнда өткізді. Секция барысында қазіргі уақытта көптілділікті қалыптастыру мен оны іске асырудың негізгі құралы СLIL (Content and Language Integrated Learning) - кіріктірілген бағдарламасы түсіндіріліп, жаратылыстану –математика бағытындағы пәндерде сапалы білім беру, үш тілде оқытудың түрлері, терминдер, білім берудің жаңа мазмұнына сәйкес жаңа әдіс-тәсілдер көрсетілді.Білім мазмұнын жаңартудағы-критериалды бағалаудың тиімділігіне жалпы тоқталып, пәндер бойынша критериалды бағалау қалай іске асып отырғанын тапсырмалар желісімен ұйымдастырылды.«Білім беру мазмұнын жаңарту мазмұнындағы қолданылатын оқулықтар» секциясында білім берудің жаңа мазмұнына сәйкес 1,2,3,5,6,7,8 сыныптар бойынша оқулықтардың авторлары, бөлімдік тақырыпшалары, апталық жүктеме сағаттары, оқулықтағы тәжірибелермен, пәнге арналған дағдылармен глоссарийлермен, танытырылды. Шеберлік сынып барысында ата-аналар үшін оқулықтағы эксеприенттер де көрсетілді.
Шеберлік сынып соңында ата-аналар өз пікірлерін кері байланыс ретінде қалдырып,ұсыныстары да айтылды. Ата-аналарға арналған шеберлік сынып өз дәрежесінде қызықты әрі пайдалы өттіп, жаңа ақпараттармен алмасты. Конференция соңында қала әкімі А.М.Аглиулин жалпы білім беретін мектептердің арасында барлық бағыттағы міндеттерді іске асыруда жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ-сін «Бірізділік пен жүйелілік» номинациясымен марапаттады. Құттықтаймыз!