Астананың 20 жылдық мерей тойына арналған «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС ұйымдастыруымен Астанаға саяхат жасады

 

02.08-04.08 аралығында Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің дарынды да, талантты оқушылары Қазақстан Республикасы  Астананың  20 жылдық мерей тойына арналған ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және көпбалалы отбасы, толық емес отбасыларынан шыққан балаларға арналған «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС  ұйымдастыруымен Астанаға саяхат жасады.

Арқа төсіндегі сәні мен салтанаты жарасқан елорданың көрікті жерлерімен танысқан оқушыларымыздың қуанышында шек жоқ. Еуропаның шоқтығы биік қалаларының бірі,  сыртқы келбетіне ішкі сұлулығы үйлесіп, қанат жайып, тотыдайын таранған әз Астанамыз оқушыларымыздыңжүрегіне қуаныш ұялатып, ертеңге деген сенімді шындай түсті. Батыл үмітпен нық сенімнің тұлғалы тірегі болатын шәкірттеріміздің қадамдары қарыштай берсін!